«Мектеп медиация қызметін қалыптастыру және дамыту» семинары » КГУ 'Средняя школа №26 с дошкольным мини-центром в Еркинском сельском округе'
«Жетісу облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі» ММ
«Еркін ауылдық округіндегі мектепке дейінгі шағын орталығы бар №26 орта мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282)41-11-85
Есепші бөлімі:
+7(7282)25-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Мектеп медиация қызметін қалыптастыру және дамыту» семинары
15
март
2023

«Мектеп медиация қызметін қалыптастыру және дамыту» семинары

15-наурыз күні мектебімізде Жетісу облыстық білім басқармасы жоспарына сәйкес «Мектеп медиация қызметін қалыптастыру  және  дамыту» тақырыбында Талдықорған қалалық және Еркін ауылдық ардагерлер ұйымы медиаторы Мұсанова Шолпан Мәдіғалиқызының жетекшілігімен семинар болып оған қала мектептерінің директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, әлеуметтік педагогтер, педагог-ұйымдастырушылар, педагог-психологтар, ата-аналар комитеті мен мектептердің "Өзін өзі басқару" ұйымдарының мүшелері шақырылды. Жетісу облыстық білім Басқармасының жетекші маманы Әбдіғалиева Меруерт Шайласқызы бүгінгі уақыттағы «Мектеп медиация қызметінінің маңыздылығы" туралы алғы сөзбен ашып, Жетісу Университетінің професоры, Заң ғылымдарының кандидаты Чингаева Бақыт Кенесарықызы «Мектеп медиация қызметін қалыптастыру  және  дамыту» тақырыбында баяндама жасады, Жетісу облыстық аналар Кеңесі төрайымы Баймадиева Жамал Қасымбекқызы бұл істің қолға алына бастағанына қолдау көрсетіп, сәттілік тіледі. Мектеп ұжымы ұйымдастырған "Шебер сынып" мектеп директоры Құрмашев Б.Ж. өзінің орынбасарлары Сауырбаева К.Е., Шакерова Г.М., Абдисов М.Қ., педагог-ұйымдастырушы Базаргельды М.Ж., педагог-психологтар Абдинова Е.С. мен Д.Усаевтың бірлесе атқарып жатқан жұмыстарын көрсетуі қатысушылар көңілінен шығып, разылықтарын білдірісті. Семинарға Жетісу облыстық "Достық үйі" мамандарыда қатынасып жақсы баға берісті. Ұжымның атқарып жатқан жұмысы облыс көлемінде таратылатын болды.
#тәрбие №26 ОМ
@zhetysu_bilim
@goronotald_
@goroo_tdk
@zhetysu_bilim_baskarmasy 
@aizhan.adambekova 
@meruertabdykalieva