"Кіріктірілген сабақ - метапәндік білім беру негізі" тақырыбында мектеп директорларының облыстық семинары » КГУ 'Средняя школа №26 с дошкольным мини-центром в Еркинском сельском округе'
«Жетісу облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі» ММ
«Еркін ауылдық округіндегі мектепке дейінгі шағын орталығы бар №26 орта мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282)41-11-85
Есепші бөлімі:
+7(7282)25-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Кіріктірілген сабақ - метапәндік білім беру негізі" тақырыбында мектеп директорларының облыстық семинары
26
апрель
2019

"Кіріктірілген сабақ - метапәндік білім беру негізі" тақырыбында мектеп директорларының облыстық семинары

Бүгін, яғни 26 сәуір күні №26 орта мектебінде "Кіріктірілген сабақ - метапәндік білім беру негізі" тақырыбында мектеп директорларының облыстық семинары болып өтті. Негізгі мақсаты мектептегі желілік қауымдастық жұмысты таныстыру, метапәндік білім берудің оқушының уәжін оятудағы тиімділіктерін тәжірибе алмасу түрінде көрсету. Кіріктірілген математика-физика-география, математика - биология, тарих-қазақ тілі - ағылшын тілі, математика -ағылшын тілі т.б. сабақтар жоғарғы деңгейде көрсетілді. Мектеп директоры Б.Құрмашев, әдістемелік орынбасары К.Ермұханбетова мен Ж.Оразбаева, директор оқу ісі жөніндегі орынбасары Г.Шакерова әр сабаққа талдау жасап, кері байланыс арқылы бұл семинардың мақсатын аша білді. Пән мұғалімдерінің еңбектері де жоғары бағаланды.