Оқушыларға » КГУ 'Средняя школа №26 с дошкольным мини-центром в Еркинском сельском округе'
«Жетісу облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі» ММ
«Еркін ауылдық округіндегі мектепке дейінгі шағын орталығы бар №26 орта мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282)41-11-85
Есепші бөлімі:
+7(7282)25-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
WORLDSKILLS JUNIORS ZHETYSU-2024 чемпионаты
15
апрель
2024
WORLDSKILLS JUNIORS ZHETYSU-2024 чемпионаты
Жетісу облысы білім бөлімінің ұйымдастыруымен өткен WORLDSKILLS JUNIORS ZHETYSU-2024 чемпионатының "Графикалық дизайн" құзіреттілігі бойынша жүлделі 8-сынып оқушысы Ғалымбек Алишер 2-орынды иеленді. 11-сынып оқушысы Асқарұлы Аян және 8-сынып оқушысы Сатпаев Абдамир қатысқандары үшін дипломмен марапатталды. Жетекшісі: Бимурзаева Асем Габдилхамитовна  
"Қазақстан балалары шексіз әлемде!" балалар киносының облыстық фестивалі
15
март
2024
"Қазақстан балалары шексіз әлемде!" балалар киносының облыстық
Сабаз Бекзат және Ажарбаева Диана "Қазақстан балалары шексіз әлемде!" балалар киносының облыстық фестивалінде А.Касеновтың Алғыс хатына ие болды. ​https://www.instagram.com/reel/C4fqMLaC_CY/?utm_source=ig_web_copy_link​​​
Республикалық «Жарық жұлдыз» балалар өнер байқауының Бас жүлдегері
12
январь
2024
Республикалық «Жарық жұлдыз» балалар өнер байқауының Бас жүлдегері
Еркін ауылдық округі 26 орта мектебінің 5а сынып оқушысы Бегалы Раййан өзінің шығармашылық қабілетімен ерекше көзге түсіп желтоқсан айының 28 жұлдызында VIII республикалық «Жарық жұлдыз» балалар өнер байқауына қатысып жүлделі Бас жүлдені қанжығасына байлап қайтты. Біздің мектебіміздің мақтанышы кішкентай бүлдіршініміз бүгінгі таңда қосымша «MixaRT» шығармашылық орталығында сурет үйірмесіне де қатысып өзінің бос уақытын тиімді пайдаланып жүрген оқу озаты. Раййана сияқты шәкіртті тәрбиелеп
“Ұлттық мектеп лигасы” жобасының жүлдегерлері
04
декабрь
2023
“Ұлттық мектеп лигасы” жобасының жүлдегерлері
Ұлттық адами құндылықтарға негізделген “Біртұтас тәрбие бағдаламасы аясында” мектебімізде дүниежүзілік денсаулық күніне орай ; “Ұлттық мектеп лигасы” жобасын іске асыру, оқушылардың денсаулығы мен әл-ауқатын нығайтуда денешынықтыру пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен 4-желтоқсан күні спорттық ойындардан мектеп оқушылары арасында жарыстар ұйымдастырылып өткізілді. @zhetysu_bilim @goronotald_ @goroo_tdk @zhetysu_bilim_baskarmasy
Жас жүлдегер!
29
ноябрь
2023
Жас жүлдегер!
“Ақтөбе үміттері” Республикалық турнирінен мектебіміздің 6б сынып оқушысы Болатбек Дінмұхаммед жүзуден жүлделі ІІІ-орынға ие болды. Биік шыңдарды бағындыра бер жас спортшы, қанжығаң молая берсін!!!
Жүлдегер қыздар тобы
25
ноябрь
2023
Жүлдегер қыздар тобы
Ауыл мектептері арасында өткен волейбол жарысынан, мектебіміздің орта буын қыздар тобы, жүлделі ІІІ-орынды иеленді! Жеңістерің құтты болсын қыздар!!!
“Қауіпсіз балалық шақ” тақырыбында сынып сағаты
21
ноябрь
2023
“Қауіпсіз балалық шақ” тақырыбында сынып сағаты
21 қараша күні 26 орта мектепте 4в Сынып жетекшісі  Дуанаева Асел  жылдық жоспарға сай  “Қауіпсіз балалық шақ” тақырыбында сынып сағатын өткізді. Мақсаты: кәмелетке  толмаған жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқықтарын қорғау, құқықбұзушылықтың алдын алу, қоғамдық орындардағы тәртіпті сақтау.
“Қауіпсіз балалық шақ”
21
ноябрь
2023
“Қауіпсіз балалық шақ”
Еркін ауылдық округі 26 орта мектепте 7-сынып оқушылары арасында “Қауіпсіз балалық шақ” тақырыбында балаларға күмәнді адамдар кездескенде, басқа да қауіпті жағдайда өзін қалай ұстап, не істеу керек, өзін қалай ұстау керек екенін айтып түсіндіру жұмыстары жүргізілді. @zhetysu_bilim @goronotald_ @goroo_tdk @zhetysu_bilim_baskarmasy https://www.facebook.com/100023399715297/videos/1691887997985743/
“Парасатты азамат” номинациясының иегері Сабазов Бекзат 10а сынып оқушысы
17
ноябрь
2023
“Парасатты азамат” номинациясының иегері Сабазов Бекзат 10а сынып
26 орта мектеп оқушылары қалалық “Адал ұрпақ” еріктілер клубы жұмысын жандандыру мақсатында сайысқа қатысып “Парасатты азамат” номинациясы иегері болды. Сайыс мақсаты- жас ұрпақ бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет пен жауапкершілік, патриоттық сезім қалыптастыру. Оқушыларымыз сахналық көрініс, жергілікті тұрғындар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы бастамаларды нығайту, үгіт насихат жүргізу шараларын паш етті. #Адалұрпақ @zhetysu_bilim @goronotald_ @goroo_tdk
“Ұлттық мектеп лига жобасы  аясында”, “Тоғыз құмалақ-дау” сайысы
13
ноябрь
2023
“Ұлттық мектеп лига жобасы аясында”, “Тоғыз құмалақ-дау” сайысы
Еркін ауылдық округі 26 орта мектепте 13- қараша күні “Ұлттық мектеп лига жобасы  аясында”, “Тоғыз құмалақ-дау” тақырыбында денешынықтыру пәні бірлестігі мұғалімдері сайыс ұйымдастырып өткізді. Мақсаты: балалар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, спорт арқылы зиянды әдеттерден арылу,патриоттыққа тәрбиелеу болды. Сайыс жеңімпаздарын марапаттап қалалық жарыстарға жолдама берді. @zhetysu_bilim @goronotald_ @goroo_tdk