«Менің ең жақсы сабағым» тақырыбында шебер-сыныптар калейдоскопы » КГУ 'Средняя школа №26 с дошкольным мини-центром в Еркинском сельском округе'
«Жетісу облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі» ММ
«Еркін ауылдық округіндегі мектепке дейінгі шағын орталығы бар №26 орта мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282)41-11-85
Есепші бөлімі:
+7(7282)25-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Менің ең жақсы сабағым» тақырыбында шебер-сыныптар калейдоскопы
27
январь
2022

«Менің ең жақсы сабағым» тақырыбында шебер-сыныптар калейдоскопы

2022 жылдың 27 қаңтарында Талдықорған қаласы білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығы бастамасымен «Менің ең жақсы сабағым» тақырыбында шебер-сыныптар калейдоскопы формасында, «Еркін ауылдық округіндегі мектепке дейінгі шағын орталығы бар №26 мектеп» КММ педагогтарының тәжірибе алмасу онлайн семинары өткізілді.
       Семинардың мақсаты:
• Пән мұғалімдеріне табысты педагогикалық іс-тәсілдерді таныстыру;
• Педагогтердің бастамасы мен шығармашылығын дамытуға ынталандыру.
       Оқу-тәрбие үрдісінде негізгі мақсат оқушы білімінің жоғарғы нәтиже көрсетуі екені анық десек, осы жерде ескеретін негізгі фактор – оқушы уәжі. Оқушы уәжін дамыту арқылы ғана білімдегі олқылықтарды түзетіп, жақсы нәтижеге қол жеткізе аламыз. Ал алға қойған мақсатқа жету үшін ең аз күш пен уақытты жұмсай отырып, ең жақсы жолмен мүмкін болатын құралдарды таңдай білу өте маңызды.  Семинар барысында №26 мктеп ұстаздары өз сабақтарында түрлі ақпарат көзінен алынған мәліметтерді, өз тәжірибелеріне өңдеп, оңтайландырып, жетілдіріп  қолданып жүрген бірнеше әдіс-тәсілдерімен, лайфхактарымен бөлісті.