«Азаматтық қорғаныс» айлығы » КГУ 'Средняя школа №26 с дошкольным мини-центром в Еркинском сельском округе'
«Жетісу облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі» ММ
«Еркін ауылдық округіндегі мектепке дейінгі шағын орталығы бар №26 орта мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282)41-11-85
Есепші бөлімі:
+7(7282)25-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
26
февраль
2019

«Азаматтық қорғаныс» айлығы

«Апат айтып келмейді»-демекші қыстың аяқталып, көктемнің келер уақыты да аз қалды. Биыл қыста қар әжептеуір түскені белгілі, енді күн жылынуына байланысты су басу қауіпі бары айтылуда, ондай аймаққа Алматы облысыда жатады. №26 орта мектебінде жыл сайынғы дәстүрлі «Азаматтық қорғаныс» айлығыбасталып та кетті. Мектебіміз су басу қауіпі аймағынан алыстау орналасса да, сыныптарда «...таулы жерлерге бармау, өзендер мен көлдердің маңына жоламау, мұз үстімен жүрмеу» деген сияқты қауіпсіздік сабақтары өтілуде. Сондай-ақ осы мерізмдерде жер асты дүмпулері, өрт қауіпі де туындауы мүмкін. Мектептің АӘД пәні мұғалімі А. Букенбаевтың ұйымдастыруымен бүгін «Апаттардан сақтану» дабылы беріліп, оқушыларға аяқ асты апаттардың алдын алу шаралары қалай өтілетіні түсіндіріліп, іс жүзінде көрсетілді. Айлық барысында түрлі сурет байқаулары, сынып сағаттары, қалалық, облыстық ТЖК қызметкерлерімен кездесулер өткізу жоспарлануда.